Өндірушілерге

Қазақстан Республикасының жер қойнауы көптеген энергия тасымалдаушыларға бай екені белгілі. Қазақстандық мұнайгаз кен орындарын өңдеу СССР кезінен бастап XX ғасырдың екінші жартысында басталды. Содан бері уақыт өте индустрия дамуда және қазіргі күні әлемнің жетекші елдеріне жол бермейді.

Әлемдің экономиканың мұнайгаз саласындағы жалпы құлдырауға қарамастан Қазақстанда жаңа кен орындарын өңдеуде және әрекеттегі мұнайгаз кешендерінің (МГК) қуатын көбейтуде белсенділіктің өсуі байқалады. Көптеген кәсіпорындар жаңа МГК жобалау, ол үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қолданылатын мұнайгаз жабдықтарының сапасына ерекше көңіл бөледі. Бүкіл әлемде танылған брэндтерге және өндірушілерге артықшылық беріледі.

Қазақстанның мұнайгаз кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы әлемнің көпшілік елдеріндегідей тендер тәртібі негізінде жүзеге асырылады. Тапсырыс берушілер сатып алуды жүргізе алатын, ал әлеуетті жеткізушілер мұндай сатып алуларға қатыса алатын көптеген интернет алаңы бар. Бұл алаңдарға тіркелу үшін жеткізушілер алаңға байланысты түрлі күрделі деңгейде тіркелуі тиіс.

«Комплект Арматура» ЖШС көптеген алаңдарда тіркелген, олардың ішінде НКОК, ТШО, КПО БВ, Самрук-Қазына, КазТрансГаз, KazTransOil, Каспийский Трубопроводный Консорциум, Казатомпром және т.б.

Қазақстан және Орта Азия аймағында қызметтестік үшін өндірушілердің ұсыныстарын қуана қарастырамыз.

Құрметпен, Комплект Арматура командасы