HSE

«Комплект Арматура» ЖШС Тапсырыс берушінің нысандарында жұмыс жасау кезінде HSE талаптарын орындауға елеулі назар аударады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрлігімен Серіктестікке берілген Аттестат негізінде Мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету облысында жұмыстарды жүргізу құқығы берілді.

Инженерлік-техникалық құрамның ұсынылатын қызметтер бойынша жұмыстарды жүргізуде тиісті біліктілігі және тәжірибесі бар.

Серіктестікте қызметкерлерді тиісті бағдарламалар бойынша оқу орталықтарында оқытуды қарастыратын еңбек қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) әзірленген.

Серіктестіктің барлық қызметкерлерінің жұмыс аймағының ауасында күкіртті сутектің болуын қосқанда, мұнай газ саласының қауіпті өндірістік нысандарында жұмыс жасау үшін барлық қажетті рұқсаттары және сертификаттары бар.

Серіктестіктің қызметкерлері жыл сайынғы медициналық қараудан өтеді және Тапсырыс берушінің нысандарында, соның ішінде ЖҚҚ қолданумен жұмыстарды орындау үшін қарсы көрсетілімдері жоқ.

Барлық қызметкерлер қайғылы оқиғалардан сақтандырылған және медициналық сақтандыруы бар.

Күкіртті сутектің ықтимал шығарылымымен нысандарда жұмыс жасау үшін барлық қызметкерлер тиісті сертификатталған ЖҚҚ және H2S газ талдаушылармен қамтамасыз етілген.

Тапсырыс берушінің нысандарында жұмыс жасау кезінде, Серіктестіктің қызметкерлері міндетті тәртіпте орындалатын жұмыстың маусымына және сипатына сәйкес логотиппен арнайы киімді және тиісті қорғаныш құралдарын қолданады.