Жаппа клапандар (задвижкалар)

Vastas задвижкалары API 6D және API 600 сертификаттарына ие. Олар жапқыш (тоқтатушы) арматура ретінде пайдалануға қолайлы және құбыр арматурасы ретінде де тиімді қолданылады. Қауіпсіздік деңгейі бойынша SIL сертификатына ие. Қажет болған жағдайда NACE стандарттарына сай, коррозияға төзімді немесе температураға арналған арнайы материалдардан дайындалуы мүмкін.
Сұраныс бойынша, әртүрлі материалдардан үлкен өлшемдегі задвижкаларды жасауға болады. Клиндi задвижкалар су жүйелерiне, теңiз суына және жоғары қысымды ағынды суларға арналған жеке тапсырыспен шығарылады.
Задвижкалар түзу желілік арматура ретінде пайдалануға жарайды. Шар крандар сияқты оларда DBB, FB, ASD, FSD, SLS және ESL функциялары бар. Сонымен қатар, олар скребок (pipeline pig) тасымалына да бейімделген.
Қолдану — жерүсті және жерасты орнатылымдарында да мүмкін.
– Толық ашық немесе толық жабық күйде пайдаланылады, дросселдеу үшін жарамсыз.
– Толық ашылғанда тегіс өтімділік пен төмен қысым айырмасын қамтамасыз етеді.
– Екі бағытта пайдалануға болады.
– Төмен және жоғары температура жағдайларына арналған, өртке төзімді конструкцияда жасалуы мүмкін.
– Жерүсті және жерасты орнатуға бейімделуі мүмкін.
– Ашу/жабу кезінде төмен айналу моменті, редуктор немесе привод қолдануға болады.

Қызмет көрсетілетін салалар:
– Шикі мұнай
– Табиғи газ
– Отын
– Су
– Энергетика
– Теңіз (оффшор) жобалары

Қолдану аймақтары:
– Шикі мұнай сақтау
– Мұнай терминалы
– Мұнай құбыры
– Табиғи газ құбыры
– Отын құбыры
– Отын сақтау
– Резервуарлық сақтау жүйелері
– СПГ (сұйытылған табиғи газ) терминалы/заводы
– Мұнай-химия зауыты
– Мұнай өңдеу зауыты
– Электр станциясы
– СКҚ жүйелері
– Сумен жабдықтау нысандары
– Сутегі жүйелері