Тапсырыс берушілерге

«Комплект Арматура» ЖШС қызметінің негізгі мақсаты клиенттерге кешенді, уақтылы және сапалы қызмет көрсету, олармен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты сақтау болып табылады.

Клиенттің өтінімі бойынша Компания қысқа мерзімде талап етілетін жабдықтарды және материалдарды іріктейді. Тапсырысты орналастыру кезінде жеткізу мерзімін барынша азайтуға болады, ал қажет жағдайда, Компания құрастыру, жөндеу және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындайды.

Тапсырысты өңдеудің және жеткізудің негізгі кезеңдері:

Клиентпен және дайындаушымен жұмыстарды басқару процессінде енгізілген CRM бағдарламаларын қолдану.

Өндірушінің өңделген ақпараттарына, коммерциялық ұсыныстарына, жеткізу шарттарына және сатып алу шарттарына тез қолжетімділік.

Компания қызметкерлерінің дайындаушы-зауыттардың мәліметтер базасына тез қолжетімділігі қызметкерлерге өтінімдерді жеделдетілген тәртіпте өңдеуге мүмкіндік береді.

Біздің серіктестер дайындаушы-зауыттар тапсырыс берушінің техникалық талаптарына сәйкес жеке тапсырыс бойынша бұйымдарды дайындау бойынша қызметтерді ұсынады.

Сервистік-жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан барлық қажетті рұқсат аттестаттардың және сертификаттардың болуы.

Жеткізу өнімін сертификаттау тапсырыс берушінің сұрауы бойынша жүргізіледі, өлшем жабдықтарының тізіліміне енгізу, тиісті мемлекеттік органдардан тауарды қолдануға рұқсат алу.

Логистика.

Сонымен қатар, біздің серіктестеріміздің бірі Еуропалық қайта құру және дамыту банкі болып табылады (ЕҚДБ). ЕҚДБ кәсіпкерлік қызметті дамытуға көмек көрсетеді. ЕҚДБ қаржы инвестицияларының, бизнес-қызметтерінің көмегімен біздің компания CRM бағдарламасын енгізді, сонымен қатар енгізу процессінде ИСО 9001-2015, OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004 орналасқан.

CRM көмегімен компания бизнес процесстерді жеделдетті, олар өз алдына клиентпен және серіктестермен жұмыс жасау кезінде оңтайлы әсер етеді!

Логистикалық шешімдер тауарды түпкілікті тұтынушыға мерзімінде жөнелтуге мүмкіндік береді.