Шар крандар (Vastas)

Vastas компаниясының API 6D және API 6A стандартына сай шар крандары құрлықтағы және теңіздегі әртүрлі жобаларда, сонымен қатар жерүсті және жерасты нысандарында қолданылады. Олар әдетте -46°C-тан +120°C дейінгі температура диапазонында жұмыс істейді.

Vastas шар крандары SIL (Safety Integrity Level) қауіпсіздік деңгейі бойынша сертификатталған. Қажет болған жағдайда олар коррозияға төзімділік және/немесе температура класы бойынша NACE стандарттарына сәйкес арнайы материалдардан дайындалуы мүмкін. MR0175 және PSL2 деңгейінің талаптарына сәйкестік те қамтамасыз етіледі.

– Төрттен бір айналым арқылы оңай пайдалану.
– Ішкі арнасы сквозной болғандықтан, корпуста қуыс жоқ — ламинарлы ағын қамтамасыз етіледі.
– Орынды техникалық қызмет көрсету мүмкіндігі.
– Ағын клапанның екі жағынан да жүруі мүмкін (екі бағытты).
– Приводпен немесе редуктормен қолдануға болады.
– Дұрыс пайдалану кезінде ұзақ қызмет мерзімін қамтамасыз етеді.
– Арнайы құрылымының арқасында жоғары қысым мен температурада жұмыс істей алады.
– Жұмсақ тығыздағышы бар шар крандары нөлдік ағуды қамтамасыз етеді.
– Тапсырыс берушінің талаптарына сай әртүрлі өлшемдер мен құрылымдарда дайындалады.
– Шар крандардағы қысым айырмасы өте төмен, бұл оларды ағынға ең аз кедергі жасайтын клапандардың бірі етеді.

Қызмет көрсетілетін салалар:
– Шикі мұнай
– Табиғи газ
– Отын
– Су
– Энергетика
– Теңіз (оффшор) объектілері

Қолдану аймақтары:
– Табиғи газ құбыры
– Табиғи газдың біріктірілген циклдік қондырғылары
– Мұнай құбыры
– Сумен жабдықтау жүйелері
– Сұйытылған мұнай газы қоймалары
– Отын сақтау жүйелері
– Теңіз терминалдары
– СКҚ (Сұйытылған көмірсутекті отын)

– Мұнай өңдеу зауыты
– Су инфрақұрылымы
– Сутегі жүйелері