«Комплект Арматура» ЖШС директоры мен бас механик-инженері Қытай Халық Республикасындағы арматура өндіруші зауыттарға іссапар жасады. Іссапар барысында зауыт басшыларымен келіссөздер жүргізілді, өндірістік үдерістермен танысу жүзеге асырылды, сондай-ақ әріптестік қатынастарды дамыту және жеткізілетін өнім түрлерін кеңейту мәселелері
талқыланды.