Control Seal B.V. мен ТОО «Комплект Арматура» бірге «Мұнай және газ – Kioge 2018» Қазақстан халықаралық көрме мен конференциясының күмыс серіктестері болды.

Одақтағы Мүшелік
15.04.2020

Control Seal B.V. мен ТОО «Комплект Арматура» бірге «Мұнай және Газ – KIOGE 2018» Қазақстан Халықаралық көрме мен конференциясының Күмыс Серіктестері болды.

Соңғы онжылдықта көрме мен конференция өзін мұнай-газ саласындағы басты оқиға ретінде танытты.

KIOGE көрмесі мен конференциясы мұнай-газ саласының мамандары үшін маңызды жұмыс алаңы және мұнай-газ жабдығының сатылым көлемін арттыру мен ауқымын кеңейтудің тиімді құралы болып табылады.

Көрме Қазақстан мен Орта Азияның ірі салалық оқиғаларының санына кіреді және жақын және алыс шетелдің 14 елінен келген 158 астам компанияны, оның ішінде, жетекші мұнай-газ кәсіпорындары, мұнай-газ саласына арналған жабдықтардың және технологиялардың өндірушілері мен жеткізушілері жинақтайды

Көрме қатысушылары үшін арнайы «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» сияқты аса ірі операторлардың бас мердігерлерімен В2В кездесулері ұйымдастырылды. Компаниялар арасында осы іспеттес келіссөздер жүргізу тәжірибесі барын, сондай-ақ барлық бас мердігерлердің біздің Одақтың мүшелері болып табылатындығын ескере отырып, біз бұл шараға мұнай сервисі нарығының ірі ойыншыларын қатыстырдық.